«Алау-2026» әскери-спорттық ойыны: ерлікке тағзым, күш пен бірлік

16.02.2026

13 ақпанда Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 37 жыл толуына орай «Алау-2026» әскери-спорттық ойыны өтті.

Іс-шара жауынгерлердің ерлігі мен батырлығына тағзым ету мақсатында ұйымдастырылып, қатысушылар үшін күш-жігерін, төзімділігін және командалық рухын көрсетуге тамаша мүмкіндік болды.

Жарыс қорытындысы бойынша:
Жеке біріншілікте «Жатып денені көтеру» жаттығуынан 1 орынды Сұлтан Арай иеленді. Жарқын жеңісімен құттықтаймыз!

Жалпыкомандалық есепте команда 3 орын алды. Бұл — ұйымшылдықтың, өзара қолдаудың және ортақ мақсатқа ұмтылыстың нәтижесі.

Қатысушыларымызды мақтан тұтамыз! Алдағы уақытта да табыс, жаңа жетістіктер мен жарқын жеңістер тілейміз!

Просмотров: 1812


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу