Білім күні!
01.09.2026
Бүгін мектебімізде жаңа оқу жылының басталуына арналған салтанатты жиын өтті.
Бұл күн әсіресе мектеп табалдырығын алғаш аттаған бүлдіршіндеріміз үшін ерекше толқынысқа толы болды. Оларға жаңа білім әлеміне жасаған алғашқы қадамдары сәтті болып, қызықты сабақтар, жарқын жаңалықтар және жақсы достар тілейміз!
Барлық оқушыларға шабыт, мол жетістік, жаңа белестер және көтеріңкі көңіл-күй тілейміз!
Жаңа оқу жылы білімге, жақсы жаңалықтарға және үлкен жеңістерге толы болсын!
Білім күні құтты болсын! Жаңа оқу жылы сәтті өтсін!
Просмотров: 18