Тілдер онкүндігі

04.09.2026

Тілдер фестивалінің ашылуы
Бүгін мектебімізде Тілдер фестивалінің ашылу салтанаты өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттыру, көптілділікті насихаттау және әр тілдің мәдениеті мен құндылығын құрметтеуге тәрбиелеу.
Фестивальдің ашылуында оқушыларға арнайы танымдық мультфильм көрсетіліп, оның мазмұны бойынша қызықты пікір алмасу ұйымдастырылды. Сонымен қатар оқушыларға алдағы онкүндік жоспары таныстырылып, өткізілетін іс-шаралар туралы ақпарат берілді.
Алдағы күндері оқушыларды түрлі тілдік викториналар, шығармашылық байқаулар, танымдық ойындар және қызықты іс-шаралар күтеді.
Тіл – халықтың рухани қазынасы. Әр тілді құрметтеу – әр халықтың мәдениетін құрметтеу!

Просмотров: 12


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу