Отбасы күні
11.09.2026
Отбасы күніне орай мектебімізде «Әке, ана, мен – спорттық отбасымыз!» атты көңілді спорттық сайыс өтті.
Сайысқа ұйымшыл әрі белсенді отбасылық командалар қатысты. Қатысушыларды көңілді эстафеталар, спорттық жарыстар мен қызықты тапсырмалар күтіп тұрды. Отбасылар өздерінің шапшаңдығын, ептілігін, тапқырлығын және ұйымшылдығын көрсетті.
Сайыс барысында ата-аналар мен балалардың бір-біріне қолдау көрсетіп, бірге жарысқа қатысуы ерекше әсер қалдырды. Мұндай шаралар отбасы мүшелерінің арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, бірге уақыт өткізудің маңыздылығын көрсетеді.
Мерекелік шара барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй, жарқын эмоциялар және ұмытылмас әсер сыйлады!
Барша отбасыларды Отбасы күнімен құттықтаймыз! Әр шаңыраққа зор денсаулық, бақыт, татулық, сүйіспеншілік және отбасымен бірге өткізетін қуанышты сәттер тілейміз!
Отбасы – біздің күшіміз, тірегіміз және ең үлкен бақытымыз!