Ұстаздар күні

05.10.2026

Ұстаздар күні – алғыс пен жылы жүздесулерге толы ерекше күн!
Бүгін балаларымыз ұстаздарды ерекше ықыласпен қарсы алып, олар үшін шынайы «тірі дәліз» ұйымдастырды. Әсем күлкі, жылы лебіздер мен қошеметке толы бұл сәт баршаға көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
Ал кәсіподақ комитеті ұстаздарға арнайы сыйлықтар табыстап, олардың еңбегіне, шыдамдылығына, қамқорлығы мен балаға деген сүйіспеншілігіне алғысын білдірді.
Құрметті ұстаздар, әр күніңіз қуанышқа, шабытқа және шәкірттеріңіздің жетістігіне толы болсын!
Ұстаздар күні құтты болсын!
 

Просмотров: 407


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу